Чемпиондар Лигасының биылғы жеңімпаздары Мадридтық Реал!

Мамыр айының 28-нен 29-на қараған түні Миландағы атақты «Сан Сиро» стадионы халыққа лық толды. Араға 1 футбол кезеңін артқа тастап Мадридтық «Реал» мен «Атлетика» Чемпиондар Лигасының финалдық ойынында қайта кездесті. Бір алып қаланың екі атақты клубы бүкіл әлемді өзіне қаратты.

Әлемдегі ең қадірлі кубок үшін таласта ең бірінші болып Реалдықтар есеп ашты. Кездейсоқтық дейміз ба әйтеуір бұл жолғы финалда да есепті Серхио Рамос ашты. Бірінші гол салып алған Реал Атлетиконы алаңдатып қойды. Дегенмен, 79 минутта есеп теңесті. Бұл ойынның басқаша өрбуіне жақсы себеп болды.

Ойынның тағдыры 11 метрлік пенальтиде шешілді. Алғашқы 3 соққыны екі құрама да ойдағыдай жасағынымен, Атлетикалық Хуанфранның жолы болмады. Жалпы, бұл кеште Атлектиканың пенальтиден жолдары болмады десек те болады. Себебі, негізгі уақытта Антуан Гризманның 11 метрден тепкен добы есепті ашпаған еді. Соңғы болып нүктеге Реалдықтардан Роналдо келіп, матчтың тағдырын шешті. Сонымен, 11-ші рет кубокты көтеріп тұрған Реалдықтардың тағдырын 11 метрлік пенальти шешіп берді.
Блог - ErzhanKhamitov: Чемпиондар Лигасының биылғы жеңімпаздары Мадридтық Реал!
Бұл матчта Мен, неге екенін білмеймін Атлетиканы жақтадым. Бірақ, Зинедин Зидан үшін қуанып қоюға болады. Бала кезімде осы Зиданның ойыны үшін Франция құрамасына жанкүйер болғанымды жасырмаймын. Зидан, Чемпиондар Лигасын жеңген алғашқы француздық тренер болып тарихқа енді. Реалды 5 ай ғана жаттықтырған Зидан бұл кубокты футболист ретінде де және жаттықтырушы ретінде де төбесіне көтергендердің тізімін жалғады.
Блог - ErzhanKhamitov: Чемпиондар Лигасының биылғы жеңімпаздары Мадридтық Реал!
Челсидің жанкүйері ретінде Реалдықтарды шын жүректен құттықтаймын!)
Блог - ErzhanKhamitov: Чемпиондар Лигасының биылғы жеңімпаздары Мадридтық Реал!
Әрі қарай

Соңғы қоңыраудан кейін...

Сонымен, соңғы қоңырау соғылды, жас түлектер қолдарындағы гүлдерін жақындарына тапсырып, сыныптастарымен бірге қыдыруға кетті. Қыдырғанда сол орталық саябаққа барады, үйлеріне келіп бір тамақ ішеді да, киімдерін ауыстырып әрі қарай, дайындап қойған ресторандарына баруы мүмкін. Бізде солай болған. Қазір, жастардың арасында темекі тарту, арақ ішу бұрынғыдағыдай мода болмағандықтан түнгі қыдыру ұзаққа созылмайды. Оның үстіне алда әлі ҰБТ бар дегендей. Ал, Сіз, көрші орыстардың мектеп бітіріп жатқан түлектерін көрдіңіз ба? Көрмесеңіз орыстардың белгілі блогері Варламовтың постына сілтеме жасайын varlamov.ru/1741557.html (бұл сияқты суреттер жетеді. Желкенішті иа?!)
Блог - ErzhanKhamitov: Соңғы қоңыраудан кейін...
Олардың жанында біздің түлектер әлі бала ма деген ойға келдім. Ол тіпті жақсы да. Себебі, екі адам кетіп бара жатса біреуінің қолында міндетті түрде арақ немесе пиво. Енді олардың тегі мен тәрбиесіне күмәндана беріңіз. Ресей шынымен де ішіп кеткен ел екен ғой. Болашағы мынау болса келешегі не болады? Мектеппен қоса балалық шақтары да бітіп бара жатқанын аңғармайтын сияқты. Бұл дегеніңіз 1-2 жылдан кейін әлеуметтік желілердегі «Жалғыз басты әйелмін. Балам ауыру. Көмек беріңіздер!» деген сурет…

Қызын қырық үйден тиып, бөтен үйге қондырмайтын, ұлын бөтен үйден тойдырмайтын қазағымның тәрбиесі мықты ғой. Бұл постты үйренсін деп емес, жиренсін деп салдым. Әйтпесе, көрші орыстарға еліктеп кететініміз жоқ емес қой)
Бейбіт Сарыбай айтпақшы "Әрбір пост, бір тост сияқты")
Әрі қарай

Келесі тоқсаннан бастап оқимын

Соңғы қоңырау! Балалардың мұғалімдерден құтылып, мұғалімдердің балалардан құтылып мәәз болып жататын кезі ғой. Неге екенін білмеймін "қызыл күн" болмаса да 25 мамырды жақсы көремін. Мектеп бітіргеніме 7 жыл болса да осы күні оқушы кездегі қызықты сәттерді бір еске түсіріп қоямын. ҰБТ-ның әлегі, апта сайын болатын сынақ тесттер, оның жауабын күту, дым сатып алып жемесең де асхананың жанында тұру, дене шынықтыруда «футбол ойнайықшы» деп жалыну, күнделікті жоғалтып жіберіп жаңадан бастау, айына бір рет келетін кезекшілікті айтсаңызшы. «Жүгірме! Жазып аламын» деген сөз жиі есіме түсіп тұрады) Мұғалімдердің «Сен оқысаң оқитын баласың, просто жалқаусың» деген сөздері де есімде) «Мұғалім осы жолы 4-ке қортыңызшы, келесі тоқсаннан бастап оқимын» деп жүргенде 11 жыл өтіп кетіпті ғой. Мен мектеп бітірген жылдары сыйлығыңыз бар, рестораныңыз бар барлығын қосқанда 50 мыңның шамасында жыйнайтынбыз. Бүгін, бір танысым 180 мыңнан жиналып жатырмыз дегенде жағамды ұстадым. Жаға ұстатты деген осы шығар) Айналайындар-ау ата-аналарыңды да ойласаңдаршы! Масқара ғой) Грант ұтып алатыныңа да сенімді емессің ғой…
Блог - ErzhanKhamitov: Келесі тоқсаннан бастап оқимын
ҰБТ-дан өтпей қаламын деп қорқып жүрген оқушылар, УАЙЫМДАМАҢЫЗДАР! 1 жылдан кейін қай пәннен қанша бал алғандарыңызды ұмытып қаласыздар. Барша жас түлектерге сәттілік! Жолдарыңыз болсын!
Әрі қарай

Альварес "WBC" белдігінен бас тартты

Бүгін, Әлемдік боксерлық кеңестің президенті Маурисио Сулейман мексикандық боксер Сауль Альварестің «WBC» нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион емес екендігін хабарлады. Ендігі кезекте «WBC» белдігі және чемпиондық атақ қазақстандық Геннадий Головкинге өтеді.

Кәсіпқой бокстан америкалық экс-чемпион Шейн Мозлидің сөзі жалған болып шықты. Ол өзінің «twitter»-дегі ресми парақшасында «GGG» мен «Канело» арасындағы жекпе-жек биылғы жылдың 17 қыркүйегінде болады" деп жазған болатын. Екеуінің жекпе-жегін асыға күткеніміз соншалық Шейн Мозлидің бейресми ақпаратын жан-жаққа ала жүгірдік.

Бірақ, бұл «GGG» мен «Канело» арасындағы жекпе-жек болмайды деген сөз емес. Тек, өтетін мерзімі ұзаруы мүмкін. Десек те, Альварестің жасы 25 жаста ғана болғандықтан Генадан жеңіліп карьерасын бұзғысы келмейтіндігі белгілі. Сондықтан да, Ол әзірге яғни, жақын арада Генамен шықпайды.

Дегенмен, Гена чемпион! Қазір, Генада орта салмақта үш белдік бар. Жылдың соңына дейін төртінші белдікті еншілеп абсолютті чемпион болады деп сенеміз!

Алға GGG!

Блог - ErzhanKhamitov: Альварес WBC белдігінен бас тартты
Әрі қарай

Ауылға кеткім келіп тұрады...

3 күн өткеннен кейін қалаға асығып тұрсам да ауылыма жеткенше шыдамсызданып барамын. Барар кезде Қарқаралыдан әрі қарай 174 км грейдер маған теп-тегіс асфальт боп көрініп, қалаға қайтар кезде 100-бен келген жолым «минный поля» болып 40-60-пен әзер жүріп келемін ғой шіркін. 40 тонналық Шансимандар "өлтіріп" тастаған ‪Бақты‬ ауылының жолын айтсаңызшы. Ауылға оралайын)
Еңбекке (қазір Темірші ауылы, кезінде Еңбек ауылы деген) барған сайын бала кезімде ойнаған жерлерді еске түсіріп аралап шығамын. Барған сайын келмес шаққа деген сағынышым өрши түседі. Көршілермен бір кезекте тұрып су тасыған тәшкеңді де еске алады екенсің. Ауылда тұру оңай емес. Бірақ, бала кез қамсыз ғой. Болмайтын асықты немесе таудың артындағы смаланы проблема қылып жүресің). Осының бәрін өткізіп, есейген шақта еске алудың өзі тамаша!
Қазір, мен доп тепкен, мен су тасыған, мен тах-тах ойнаған, мен тығылыспақ ойнаған көшеде басқа жігіттер үстемдік етуде. Олар сені танымайды. Енді Олар өз биліктерін жүргізуде. Мінездері ауыр, анау-мынау алдауға көнбейді. Тура фотодағыдай жігіттер!
Блог - ErzhanKhamitov: Ауылға кеткім келіп тұрады...
Әр жағындағы приталенный джинсы киіп алған «дерзкий» жігіт тақ мұрагері. Яғни, қара шаңырақтың иесі Рахат ағамның ұлы. Таза ауылдық. Бер жағындағы жігіт Ербұлан ағамның ұлы. Асфальтта туған. Қалалық дегенім ғой) Ауылдың тіршілігіне қанық болсын деп апарып тастайды. Себебі, ауылды көрген бала жаман болып өспейді. Ертең біз сияқты еске алып отыратын болады).
Бірақ, бұрынғыдағыдай свет өшпейді, қаладан хабарласқанда көршіні шақырып келмейді, себебі ұялы телефон ұстайды, ауылдастармен видео касета айырбастап Джеки Чанның киноларын көрмейді, себебі әр үйде ОтауТВ бар…
Эх, біздің кезде жақсы еді деуші еді атам!
Әр шақ өзінше қызық! Ізімізді жалғайтын кішкентайлар қиыншылық көрмей өссе екен! Бейбіт күнде өмір сүріп, қалаған білімдерін алса екен деп тілеймін!
Әрі қарай

Жыл жекпе-жегінің мерзімі анықталды

Бүкіл әлем күткен Қазақстандық Геннадий Головкин мен Мексикандық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің өтетін уақыты белгілі болған сияқты. Бұл туралы кәсіпқой бокстан америкалық экс-чемпион Шейн Мозли өзінің «twitter» желісіндегі жеке парақшасында алғаш болып жариялады.
Блог - ErzhanKhamitov: Жыл жекпе-жегінің мерзімі анықталды
Шейн Мозлидың жар салған бұл сөзі соңында әшейін «пиар» болып шықпаса болғаны)

Сонымен, 2016 жылдың 17 қыркүйегінде «Канело» мен «GGG» арасында жыл жекпе-жегі өтеді.
Блог - ErzhanKhamitov: Жыл жекпе-жегінің мерзімі анықталды

Мамырдың жетісі күні Сауль Альварес Лас-Вегаста Амир Ханға қарсы жекпе-жек өткізіп, WBC тұжырымы бойынша чемпиондық атағын қорғап қалған болатын. Енді WBC ережесіне сәйкес Альварес қазақстандық Головкинмен кездесу өткізуге міндетті. Головкин мен Альварес 15 күн ішінде жекпе-жектің күнін нақты белгілей алмаса, WBC белбеуі саудаға шығарылады. Аты шулы жекпе-жек 2017 жылға шегерілуі де ғажап емес сияқты. Себебі, Генаға ЭКСПО 2017 көрмесі аясында Астана қаласында бокс кешін өткізу туралы ұсыныс айтылған еді. Бірақ, бұл ұсынысқа Альварестің көнуі екі талай. Себебі, Ол 7 мамырда Амир Ханға қарсы өткізген жекпе-жегінен кейін Головкинмен кездесуге дайын екенін және ол жекпе-жекті Мексикада өткізу туралы айтқан болатын. Дегенмен, қай елде өтсе де бұл тартыстың фовориті GGG екені белгілі сияқты.
Алға Қазақстан! Алға ГЕНА!
Блог - ErzhanKhamitov: Жыл жекпе-жегінің мерзімі анықталды
Әрі қарай

ЛЕСТЕР чемпион!

Сонымен, футболдан Ағылшын чемпионатының аяқталуына сәл-ақ қалды. Нақтырақ айтсақ 2 тур. Ал, Сіздер, қай құраманың чемпион болғанын біЛЕСТЕР)
Блог - ErzhanKhamitov: ЛЕСТЕР чемпион!
2014-2015 кезеңінде 41 ұпаймен 14-ші орынды қанағат тұтқан Лестер келесі жылы яғни, 2015-2016 жылғы кезеңде 1 орын алады деп кім ойлаған?! Ағылшын чемпионатының тарихында Лестер алғаш рет чемпион атанды. Ең қызығы құрама жаттықтырушысы Клаудио Раньери чемпион болғанын ұшақта естіді. Ол өзінің 96 жастағы анасына ұшып бара жатты. Ал, құрама Джейми Вардидің үйінде отырып естіді. Нақтырақ айтсақ тікелей эфирден көрді)
Блог - ErzhanKhamitov: ЛЕСТЕР чемпион!
Лестер құрамасы тіпті, құрама жанкүйерлері кеше түнде Челсидің жанкүйері болды. Себебі, олардың мерзімінен бұрын чемпион болуына септігін тигізген ойын Челси-Тоттенхэм арасында өтті. 9-шы орында тұрған Челси чемпиондықтан үміткер Тоттенхэммен тең ойнады. Осылайша Тоттенхэм ұпай жоғалтып, Лестердің бағы жанды. Былайша айтқанда Челси-Тоттенхэм ойынында Лестер жеңді) Құттықтаймыз! Армандар орындалады деп Лестерге айтуға болатын шығар. Енді, алдымыздағы жылдарда Сассуоло немесе Эйбара чемпион болып қалатын шығар) Бір-екі жылдың көлемінде «Лестердің чемпиондыққа жолы» атты кино көріп қалуымызда ғажап емес)
Әрі қарай

Туған жерден топырақ бұйырсын

«Жер сатылғалы жатыр» дегенді ойлап кетсем ұйқым бұзылады. «Мүмкін емес» деп сенгім келмейді. Бұл #ЖЕР атаның күшімен, ананың жасымен келді ғой. Әріге бармай-ақ бергі 86-жылғы жастардың көз жасы мен қыршын жандары ше?! «Арендаға ғана береміз ғой» деп жұбатады елді. Онда әйелдерің мен қыздарыңды арендаға беріп көрсеңдерші дегім келеді. Себебі «жер» тіпті жаннан да қымбат. Кезінде батырлар қойнындағы қатынын сұрағанға да көнгенмен ұлтарақтай жерге келгенде атқа қонды. Бұл дегеніміз болашақтың қамы үшін еді ғой. Ал, сол болашағы, ұрпағы жер үшін не бітіріп жүр?! Жақсы. Не бітіріп жүрміз?! Біздің алшаң басып жүргеніміз сооол ата-бабаның еңбегі. Солардың аманаты! Шіркін солар қазіргі «жер сатайық» деп дүние қуған намыссыз шенеунікті көрсе не істер еді? "Қазағым ұсақталып бітіпсің-ау" деп күлетіндей. Үйдегі жүрген кішкентайларға туған жердің қадірін түсіндірейік. Қандай қиыншылықпен келгенін білсін ұрпақ. Сонда ғана олар кейін жер мен елдің қамын ойлайтын болады. Ал егер түсінік бесіктен бастау алмаса "қазіргілер" сияқты сатайық деп отырады. Ондайлар халықтың қаһарына ұшырайды.

Жоооқ достар! Жан-жағымыздан анталап алпауыт Ресей мен қаптаған Қытай тұрғанда батылдығы мен ақылдығының арқасында шекарамызды белгілеп алған #Елбасы жерімізді жатқа таптата қоймас! Ондай қорқынышты түстің бетін аулақ қылсын! Жер қазақтікі! Оның мәселесін шешу бір-екі шенеуніктің қолында емес! Халық қалады ғой деп сендірген депутаттар да бұны жақсы түсінеді деп білемін.
Білгішсінгенім емес! Жәй ғана толғанысым, жеке пікірім!
Бәрі жақсы болады достар!
Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын! Баршаңызға туған жерден топырақ бұйырсын! Басқа не айта аламын…

Қазақтың сатылмасын жері ешқашан,
Жер үшін қан төгілді емес пе сан?
Келімсек, кірмелерге жер сатуды,
Өлсем де қолдамаймын мен ешқашан! © Балғынбек Имашев
Әрі қарай

"Мен неге ондай әншілерді жақсы көруге тиіспін?" Б. Момышұлы

Бұрынғы классик күйші, ардагер әншілердің бәрін де ұнатамын. Ал қазіргі әнші, композиторлардың көпшілігін жоғары бағаламаймын. Өйткені кейбір әншілер қазақ әнінің әуенін бұзып, үнін өзгертіп, қазақтың тілін тұтықтырып, сөзін сындырып айтады. Міне, көрдің бе, кейбір әншілер қайғыны биге, қасіретті арзан күлкіге, мұңды қуанышқа айналдырып жібереді. Ендеше, мен неге ондай әншілерді жақсы көруге тиіспін?.. А?..

(ӘзілханНұршайықов «Таңдамалы 2» кітабы 56-57 бет)
Әрі қарай

Жолшыбай (фоторепортаж)

16 сәуір. Қарағанды — Жезқазған тас жолына шықтым. Негізгі бағытым Жезқазғанның бер жағындағы Жәйрем кенті. Жәйрем облыс орталығы Қарағанды қаласынан 360 шақырым жерде орналасқан. 3 сағат жүретін жерді бақандай 5 сағат жүріп бардым. Қарағанды — Жаңаарқа арасындағы тас жолы сын көтеретін жағдайда емес. Әрбір 1 км. сайын аюдың апанындай шұңқырлар)

1. Арнасына сыймай жатқан Нұра өзені.
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

2. Жол бойындағы намазхана
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

3. Жаңаарқа (Атасу кенті) Жәйремге дейін 150 км қалды
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

4. Жо-жоқ бұл — Сирия емес! Бұл — ЖӘЙРЕМ!
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

5. Жәйремде қараусыз қаңырап тұрған бос үйлер көп
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

6.…
Блог - ErzhanKhamitov: Жолшыбай (фоторепортаж)

Республикалық трасса болып саналатын Қарағанды — Жезқазған тас жолын жөндесе халық бір қуанып қалар еді.

P/s.
… Жоғымды тауып бер деп жатқан кім бар,
Жолымды жөндеп берсе болды емес па!.. М.Ақанов